jitsu gif
Оқыс оқиға

    Жыныстық құлдықта болған 16 жастағы қызылордалық қыздың ісі: тағы бір үкім шықты

    Жасөспірім қыз
    Жасөспірім. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қызылорда облысында 16 жастағы оқушы қызды жезөкшелікке тарту ісі бойынша тағы бір үкім шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

    Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы Ж.-ға қатысты бірнеше рет кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айнылысуға тартумен ұштасқан жеңгетайлық фактісі бойынша қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды (Қылмыстық кодекстің 309-бабы 2-бөлігі 2),3)-тармақтары).

    Сотталушы жәбірленушінінің кәмелет жасына толмағанын біле тұра, пайдакүнемдік мақсатты көздеп, оны бірнеше рет жезөкшелікпен айналысуға тартқан.

    Сотталушының кінәсі оқиға орнын қарап-тексеру және беттестіру жүргізу хаттамаларымен,жәбірленушінің жауаптарымен дәлелденді.

    Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, Қылмыстық кодекстің 55-бабының 2-бөлігін қолдана отырып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.

    Жәбірленушінің өкілі сотталушыны кешіретінін және жазаға қатысты мәселені соттың қарауына қалдыратынын көрсетті.

    Қылмыстық кодекстің аталған бабының санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Қылмыстық кодекстің 53-бабына сәйкес, іс бойынша жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде жас баласының болуы танылады. Ауырлататын мән-жайлар айыптау актісінде көрсетілмеген.

    Қылмыстық кодекстің 55-бабының 2-бөлігінің 2-тармағына сай, жазаны жеңілдететін мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жаза мерзімі ҚК-тің тиісті бабында көзделген ең жоғары мерзімнің 2/3-нен асыруға болмайды делінген.

    Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 309-бабы 2-бөлігінің 2-3-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Үкім заңды күшіне енбеген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.