jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте Жаңа жыл түні көлікті мас күйде басқарған үш жүргізуші ұсталды

    Көлік рулі
    Көлік рулі. Фото: pixabay.com

    Шымкентте Жаңа жыл түні ауыр және аса ауыр қылмыс жасалмаған, ешқандай оқыс жағдай тіркелмеген. Пиротехникалық заттан зардап шеккендер де жоқ. Мереке түні полиция департаменті мен төтеншеліктер күшейтілген режимде жұмыс істеп қауіпсіздікті қадағалады, деп хабарлайды Ontustiktv.kz.

    Телеарна мәліметінше, Жаңа жыл түні полицияға мыңнан астам қоңырау түскен. Тәртіп сақшылары барлық шақыртуға шығып, тиісті шара қабылдаған. Мерекелік іс-шара өткізілген орынды патрульдеу кезінде құқыққорғау қызметкерлері  ата-ана қарауынсыз жүрген 20 баланы анықтап, заңды өкіліне табыстады.

    Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде көлікті мас күйінде басқарған 3 жүргізуші анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды. Төтеншіліктер де мерекелік түнді тыныш өткізген. Жауаптылардың сөзінше, Жаңа жыл түні ешқандай оқыс оқиға тіркемепті.

    "Мерекені тойлау кезінде қала аумағында ешқандай оқыс оқиға немесе қандай бір төтенше жағдайлар тіркелген жоқ. Мерекелік кештердің, концерттің, қандай да бір жобалардың барлығы біздің кезекшілікпен жүзеге асырылды. Бір немесе екі техника, жеке құрам сол концерт немесе іс-шарада адамдардың көп шоғырланған орындарында кезекшілікті тәулік бойы атқарған.

    Алдын алу және үгіт -насихат жұмыстарының арқасында біз осы мерекені ешқандай оқыс оқиғасыз қарсы алдық. Пиротехникаларды пайдалану кезінде қандай да бір талаптардың бұзылуы немесе адамдардың денсаулығына нұқсан келтіру жағдайлары тіркелген жоқ", - деді ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының инженері Асқар Шәріп.

    Айта кетейік, мегаполис аумағында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құқыққорғау қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеген. Қала тыныштығын 2 мың полицей мен 196 төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы қадағалады.  

    Шымкентте Жаңа жыл түні көлікті мас күйде басқарған үш жүргізуші ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.