jitsu gif
Оқыс оқиға

    Түркістан облысының білім саласында ұрланған қаражаттың 1 млрд теңгесі қайтарылды

    Ақша санап отырған кассир
    Кассир 10 мыңдықтарды санап отыр. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстан Бас прокуратурасының мәліметінше, Түркістан облысында білім саласында ұрланған қаражаттың 1 млрд теңгеге жуығы мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ прокуратура мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

    Қадағалаушы орган мәліметінше, Түркістан облысының прокуратурасы Мақтаарал ауданы білім бөлімінің 43 лауазымды тұлғасы мен жауапты қызметкерінің үстінен қозғалған қылмыстық істі сотқа жолданды. Оларға бюджет қаражатын (2,4 млрд теңгеден аса) жымқырды деген айып тағылып отыр.

    Прокуратура қылмыс білім саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың есеп шоттарына заңсыз жалақы аудару арқылы" жасалғанын әшкерелеген.

    "Күдіктілер 333,5 млн теңге көлемінде мемлекетке келтірілген залалды қайтарды, сонымен бірге олардың қылмыстық жолмен тапқан 649,7 млн теңгенің мүлкіне тыйым салынды", - деп хабарлайды Бас прокуратура өкілдері.

    Жақында ғана Шымкентте 64 млн теңге жымқырған мектеп есепшісі 8 жылға сотталғанын жазғанбыз.

    2024 жылғы қазан айында Түркістан облысында білім саласында жымқырылған 1,5 млрд теңге мемлекетке қайтарылғаны мәлім болған.

    Түркістан облысының білім саласында ұрланған қаражаттың 1 млрд теңгесі қайтарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.