Оқыс оқиғалар

Зектілері

Көкшетауда Ұлттық ұланның әскери қызметшілері кісі өлтіру ісі бойынша күдікке ілінген ер адамды ұстады

Жарияланған күні:

Күдіктіні ұстаған Ұлттық ұлан жауынгерлері
Ұлттық ұлан жауынгерлері және күдікті: polisia.kz

Көкшетауда Ұлттық ұланның әскери қызметшілері патрульдеу кезінде үш адамды ұстады. Олардың бірі кісі өлтіргенін мойындаған, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның ақпарттық медиа-порталында жарияланған мәліметке сәйкес, Ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімінің жауынгерлері Көкшетау қаласында кісі өліміне себепші болған күдіктіні жедел түрде қолға түсірген.

Ауыр қылмыс туралы хабар жедел басқару орталығына сағат 20:00 шамасында түскен. Марқұмның денесін тауып алған жергілікті тұрғын бірден полицияға хабарлаған. Дереу полиция жасақтары мен әскери қызметшілерге күдіктіге қатысты бағдар берілген.

"Шұғыл ақпарат түскен бойда іздеу шараларын бастап кеттік. Арада 20 минуттай уақыт өткенде Әуезов көшесінен мас күйде жүрген үш адамды байқадық. Тінту барысында олардың біреуінің қалтасынан қылмыс туралы арыз берген азаматтың жеке куәлігі табылды", - дейді әскери жасақ бастығы аға сержант Жанғазы Шайхин.

Күдіктілердің бірі қашып кетпек болған, алайда ұландықтар оны жылдам ұстап үлгерген. Тінту кезінде ер адамдар агрессивті әрекет көрсетіп, бұйрықтарды орындаудан бас тартқан. Үш күдікті де Көкшетау қалалық полиция басқармасына жеткізілген.

"Тексеру барысында күдіктілердің бірі кісі өлтіргенін мойындады. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, таяуда Шымкентте ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп №53 түзеу мекемесінің аумағына есірткі тасымалдаған ер адамды ұстады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2210783-kokshetauda-ulttyq-ulannyng-askeri-qyzmetshileri-kisi-oltiru-isi-boiynsha-kudikke-ilingen-er-adamdy-ustady/