Оқыс оқиға

Зектілері

Қазақстанда кімге сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жаза күшейеді

Жарияланған күні:

Конверттегі ақша
Конверттегі ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мәжіліс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасында жемқорлық жасаған кейбір тұлғалалар үшін жауапкершілікті күшейту қарастырылыған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ мәжілістің Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, Арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін (ӘҚБтК-нің 173-бабы).

Қазіргі уақытта ӘҚБтК-нің 32-бабына сәйкес, әскери қызметшілерді қоспағанда, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде кез келген әкімшілік құқық бұзушылық жасауы тек тәртіптік жауапкершілікке жатқызылады.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін әкімшілік жауапкершілікті 100-ден 200 АЕК-ке дейін көтеру көзделген.

"Ал сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған және сыбайлас жемқорлықпен айналысатын лауазымды тұлғаларды жұмысқа қабылдауға заңнамалық тыйым салынғанға дейін (2005 жылға дейін) мемлекеттік қызметке қабылданған адамдардың мансаптық өсуі шектеледі.

Бұл ретте, әкімшілік сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтардың ескіру мерзімі ұзартылды: жеке тұлғалар үшін – 3 жылға дейін (бұрын 1 жыл), заңды тұлғалар үшін – 5 жылға дейін (бұрын 3 жыл)", - делінген мәжілістің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда пара беруді талап еткен, уәде берген немесе ұсынған тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2211851-qazaqstanda-kimge-sybailas-zhemqorlyq-zhasagany-ushin-zhaza-kusheiedi/