"Қаруға ұқсас затты көрсеткен": Астанада тұрғын үй лифттерінде пранк жасағандар ұсталды
Жарияланған күні:

Астанада пранк жасап, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған адамдар ұсталды. Олар тұрғын үйлердің лифттерінде жанжал көрінісін қойып, қаруға ұқсас затты көрсеткен, осылайша кездейсоқ куәгерлерді қорқытқан, деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордалық полиция "әзіл" деген сылтаумен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған адамдарды ұстады.
Әлеуметтік желілерде таралған бейнежазбалардың бірінде азамат Г.А. мен оның танысы жанжалдасып жатқан кейіп танытып, жанжалдың арты "төбелеске" ұласқан.
Олардың бірі тапаншаға ұқсас затты шығарып, лифт ішіндегі адамдарға қаратып, оларға "қауіп төндірген".
"Мұндай әрекеттердің салдары болуы мүмкін, оның ішінде дүрбелең, азаматтардың денсаулығының нашарлауы немесе куәгерлер тарапынан агрессивті реакция тудыруы ықтимал.
Аталған факті бойынша осы әрекетті ұйымдастырушы ұсталып, полицияға жеткізілді.
Оған ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс материалдары сотқа жолданды.
Астана қаласының Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті бұзатын осындай құқықбұзушылыққа қайшы әрекеттер қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеді. Азаматтарды жауапкершілікке, заң талаптарын сақтауға және күдікті жағдайлар туралы 102 нөмірі арқылы полицияға дер кезінде хабарлау керектігін ескертеміз", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2217227-qaruga-uqsas-zatty-korsetken-astanada-turgyn-ui-liftterinde-prank-zhasaityndar-ustaldy/