jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Түркияның құқық қорғау органдары іздеу салған ер адам Алматыда ұсталды

    күдікті
    Күдікті. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

    Алматының халықаралық әуежайында Қазақстандағы Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 67 интернет-алаяқтық фактісі бойынша күдікке ілінген Түркия азаматын ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы арнасының хабарлауынша, оған Түркияның құқық қорғау органдары халықаралық іздеу салған.

    "Күдікті 2018 жылы үй жануарларын сату туралы жалған интернет-жарнама арқылы жәбірленушілерді алдап, 67 адамның ақшасын иемденіп, Түркия елінен бой тасалаған", - делінген хабарламада.

    Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

    Түркияның құқық қорғау органдары іздеу салған ер адам Алматыда ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.