"Ауруханаға жеткізілген төрт күдіктіні полиция күзетіп тұр": Талғар ауданында атыс болды
Жарияланған күні:

Әлеуметтік желіде Алматы облысының Талғар ауданында атыс болғаны туралы ақпарат тарады. Аталған жайтқа қатысты полиция пікір білдірді, деп хабарлайды kazinform.kz.
Алматы облысы полиция департаменті аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Қабылданған шаралар нәтижесінде оқиғаға қатысушылардың бәрі анықталды. Ауруханаға жеткізілген төрт күдіктіні полиция күзетіп тұр. Бір айыпталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп түсіндірді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдері іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2243544-auruhanaga-zhetkizilgen-tort-kudiktini-politsiia-kuzetip-tur-talgar-audanynda-atys-boldy/