jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "45 млн теңгеге алаяқтық жасады": қазақстандық азамат Польшадан экстрадицияланды

    Ер адамның қолына кісен салуда
    Қолы кісендеулі ер адам. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстан Бас прокуратурасы, Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерімен бірлесіп, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті - Қазақстан азаматын Польшадан экстрадициялады, деп хабарлайды Бас прокуратура Telegram-дағы ресми арнасында.

    Қазақстан азаматы 2023 жылы Польшадан екі жүк көлігін алып келуге уәде беріп, жәбірленушінің 45 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденіп, міндеттемелерін орындамай, иемденген қаражатпен жасырынған деген күдікке ілінген.

    "Биыл ақпанда ол Бодзентын қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланды. Қазіргі уақытта ұстау изоляторына қамаққа алынды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - делінген хабарламада.

    "45 млн теңгеге алаяқтық жасады": қазақстандық азамат Польшадан экстрадицияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.