jitsu gif
Оқыс оқиға

    Түркістан облысында мал дәрігерлері мен әскери қызметші 271 млн теңге субсидияны жымқырды деген күдікке ілінді

    кісен және ақша
    Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Түркістан облысында Сауран аудандық ветеринарлық қызметтің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап.

    Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, "Сауран ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ветеринариялық станциясының қызметкерлері мал шаруашылығын субсидиялауға бөлінген аса ірі мөлшерде мемлекеттік қаражатты жымқыру арқылы алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

    "Тергеу барысында Оранғай, Жаңа Иқан ауылдық округтерінің ветеринарлары менветеринарлық бекеттің меңгерушісі "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру" деректер базасына 31 шаруа қожалығында іс жүзінде жоқ малдың (ұсақ және ірі қара) бар екендігі туралы жалған мәліметтерді енгізіп, жалпы сомасы 271 млн теңге субсидияны жымқырғаны анықталды", - делінген хабарламада. 

    Облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы №41590 облыстық әскери бөлімінің 1 қызметкерін, 3 мал дәрігерін және 1 меңгерушіні күдікті ретінде таныған.

    Күдіктілер 19 млн теңге көлемінде келтірілген залалды ішінара өтеді, сонымен қатар олардың 120 млн теңге болатын мүліктеріне тыйым салынды. 

    Қазіргі таңда сот процесі жүріп жатыр. 

    Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.