jitsu gif
Оқыс оқиға

    "5 жыл бойы айтпай келген": Атырауда ер адам өгей қызына азғындық жасады деген күдікке ілінді

    зорлық-зомбылық
    Бойжеткен. Көрнекі фото: pexels.com

    Желіде Атырау маңында ер адам өгей қызына азғындық жасады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады. Өңірлік ПД қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Atyrau ONLINE Telegram-арнасында ер адам 5 жыл бойы 12 жастағы өгей қызына азғындық әрекеттерін жасағаны туралы ақпарат жарық көрді. Қыз бала 17 жасқа дейін тіс жармай келген, ақыр соңында бәрін әпкесіне айтуға батылы жеткен.

    Telegram-арнаның мәліметінше, оқиға анасы үйде болмаған кездері қайталанып отырған. Ер адам қызды қорқытып-үркіткендіктен, ол осы уақытқа дейін қорқынышпен өмір сүрген.

    Атырау облыстық ПД NUR.KZ тілшісіне пікір білдіріп, Атырау тұрғынының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатқанын хабарлады.

    "Қазіргі таңда жан-жақты зерттеуге және болған оқиғаның объективті картинасын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды. Ішкі істер органдары қатаң түрде заң аясында әрекет етіп, процесстің барлық қатысушысының құқығын қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр", - делінген ведомство баспасөз қызметі берген ақпаратта.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.