jitsu gif
Оқыс оқиға

    "686 млн теңгені жымқырған": Алматы облысында білім бөлімінің басшысы мен 7 бухгалтер сотталды

    Сот балғасы
    Сот балғасы. Көрнекі фото: piqsels.com

    Алматы облысында Іле аудандық білім бөлімінің басшысы мен осы бөлімнің 7 бухгалтеріне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

    Ведомствоның мәліметінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың нәтижесінде Алматы облысында жүйелі сыбайлас жемқорлық фактісінің жолын кесті.

    "Алматы облысында Іле аудандық соты аудандық білім бөлімінің басшысы Л.К.-ға және осы бөлімнің 7 бухгалтеріне қатысты үкім шығарды.

    Олар білім беру саласында нақты еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақы аудару арқылы 686 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

    Сонымен қатар ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып, өзінің жүргізушісін ведомстволық бағынысты мектеп-гимназияға жалпы сомасы 4,9 млн теңге жалақы заңсыз төленген кәсіптік бағдар беруші лауазымына жалған жұмысқа орналастырған.

    К. мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Бухгалтерлерге мемлекеттік қызметте 10 жыл қызмет атқаруға тыйым салынып, 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.