jitsu gif
Оқыс оқиға

    Сәтбаевта подъезде қызға шабуыл жасалды: полиция күдіктіден жауап алу сәтінен видео жариялады

    полиция қызметкерлері күдіктіні алып кетіп бара жатыр
    Күдікті. Видеодан кадр: instagram.com/policeofulytau

    Полиция Сәтбаев қаласында қызға шабуыл жасады деген күдіктіден жауап алу сәтінен видео жариялады. Ер адам жасаған әрекетін мойындаған деп, хабарлайды Ұлытау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Күдіктінің зардап шегушімен бетпе-бет кездесулері өткізілді. Қазіргі уақытта қызға шабуыл жасағаны үшін ұсталған ер адам мойындау көрсетілімдерін беруде", - делінген құзырлы органның Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған хабарламада.

    Полицияның мәліметінше, күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-тармағы (қылмысқа оқталу) және 120-бабының 1-тармағы (зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

    "Сотқа дейінгі тергеу барысында болған оқиғаның мән-жайларын анықтауға, дәлелдерді жинау мен тіркеуге, тұрғындардан сұрастыруға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Сәтбаевта көпқабатты үйдің подъезіне кірген қызға, артынан ілесіп кірген ер адамның шабуыл жасаған сәтінен видео тараған еді.

    Полиция өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, күдік ізін суытпай ұсталғанын, шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.