Түркістан облысындағы жанармай бекетінде болған өрт: екі адамның өліміне қатысты іс бойынша үкім шықты
Опубликовано:

Жетісайдағы жанар-жағармай автогаз құю бекетінде болған өрт бойынша үкім шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық прокуратура мәліметінше, іс бойынша жанармай-автогаз құю бекетінде өрт қауіпсіздігі талаптарының ережелерін сақтамай, салдарынан өрт шығып, бекеттің оңтүстік-шығысында тұрған екі адамның өліміне алып келген оқиғада екі адамға үкім шықты.
"Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәлі екенін, олардың әрекеті салдарынан абайсызда екі адамның ажал құшқанын дәлелдеді.
2025 жылғы 29 сәуірде сот өрт қауіпсіздігі талаптарының ережесін сақтамай, екі адамның өмірін қиған қылмыстық іс бойынша "Jol yrysy" ЖШС-нің жүргізушісі және оның басқарушы директорына әрқайсысына 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - делінген хабарламада.
Келтірілген моральдық және материалдық шығын ішінара өтелді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2248851-turkistan-oblysyndagy-zhanarmai-beketinde-bolgan-ort-eki-adamnyng-olimine-qatysty-is-boiynsha-ukim-shyqty/