jitsu gif
Оқыс оқиға

    "Алтын Орда" базарының бұрынғы басшыларына қайтадан халықаралық іздеу жарияланды

    "Алтын Орда" базары
    "Алтын Орда" базары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында "Алтын Орда" базарының бұрынғы басшыларына іздеу жарияланғаны туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Сайттағы ақпаратқа сәйкес, 1984 жылы туған Қанат Алмабек пен 1982 жылы туған Данияр Әбдіғапаровқа іздеу жарияланған.

    2025 жылдың 23 мамырындағы іздеу туралы іс Алматы облысы Қарасай ауданында тіркелген.

    іздеуде жүрген адамдар
    Іздеудегі адамдар. Скриншот: qamqor.gov.kz/criminals

    Порталда оларға нақты не үшін айып тағылғаны көрсетілмеген. NUR.KZ тілшісі ресми пікір алу үшін Алматы облысының полиция департаментіне жүгінді.

    Айта кетейік, 2023 жылдың қаңтарында Алматы облысының полиция департаменті Қарасай аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері мына тұлғаларға іздеу жариялаған:

    • Әпдіғапаров Данияр 1982 жылы туған;
    • Патов Жұмадин 1982 жылы туған;
    • Қанат Жақаев 1984 жылы туған;
    • Айдос Нұрқалиев 1986 жылы туған.

    Сол кезде оларға алаяқтық жасады деген айып тағылып, іздеу жарияланған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.