jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Елордада санитарлық талапқа мүлде сай келмейтін жағдайда өңделіп жатқан ірі көлемдегі ет тәркіленді (видео)

    ет
    Ет. Көрнекі фото: pexels.com

    Астанада полиция қызметкерлері санитарлық талапқа сай келмейтін гаражда өңделіп жатқан 600 келіден асатын ірі қара мен жылқы етін тәркіледі, деп хабарлайды ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық-медиа порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомстволық порталдың мәліметінше, елордада өткен "Қылмысты тоқтату" жедел алдын алу шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлері заңсыз жұмыс істеген ет өңдеу және сату цехтарын анықтады.

    Тексеру кезінде гараж түріндегі үй-жайда 39 жастағы азамат ет өнімдерін санитарлық талаптарға мүлде сай келмейтін жағдайда өңдеп жатқаны белгілі болды. Оқиға орнынан тәртіп сақшылары жалпы салмағы 600 келіден асатын ірі қара мен жылқы етін, сондай-ақ тартылған етке арналған шикізатты тәркіледі.

    Сонымен қатар 37 жастағы тағы бір азаматтың ешқандай рұқсат құжатынсыз қосалқы үй-жайда ет өнімдерін заңсыз саудалап келгені анықталды.

    Тәркіленген өнімдерге зертханалық сараптама тағайындалды. Нәтижесіне қарай олар жойылуы мүмкін немесе басқа шешім қабылданады.

    Басылымның хабарлауынша, заң бұзушыларға қатысты тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылып, жауапкершілікке тарту шаралары қабылданып жатыр.

    Астана қалалық полиция департаменті ветеринарлық бақылаудан өтпеген ет өнімдері адам денсаулығына елеулі қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертеді. Мұндай өнімдердің көлеңкелі жолмен келуі және олардың шығу тегі белгісіз болуы — тұтынушылар үшін аса қауіпті дейді құзырлы органдағылар.

    Елордада санитарлық талапқа мүлде сай келмейтін жағдайда өңделіп жатқан ірі көлемдегі ет тәркіленді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.