jitsu gif
Оқыс оқиға

    Астана көшесінде көрсетілген бейәдеп мазмұндағы хабарландыру желіде тарап кетті

    жарнама
    Хабарландыру. Видеодан кадр: youtube.com/pizzamazeratti

    Астана тұрғындары жезөкшелік қызметтің жарнамасын видеоға түсіріп алған. Бейнежазба желіде тарап кетті. Полицейлер бұл факт бойынша тексеру жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Астана орталығындағы LED-экрандардың біріндегі жарнаманы тұрғындар байқап қалып, видеоға түсіріп, YouTube желісінде жариялаған. Кадрлардан интимдік қызмет тізімі мен олардың доллармен көрсетілген бағасын байқауға болады.

    Қалалық ішкі саясат бөлімі мамандарының мәліметінше, желіге жүргізілген мониторинг барысында LED-экранда бейәдеп мазмұндағы хабарландыру жарияланғаны тіркелді.

    "Аталған факт тіркеліп, компания өкілдерінің қатысуымен тексеру жүргізілді.

    Хабарландыру жарияланған сәтте компания басшылығы құқықбұзушылықтың Wi-Fi желісін бұзу арқылы жасалғанын түсіндірді. Аталған факті бойынша материалдар жарнама туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту мақсатында жергілікті атқарушы органға жолданды", - дейді порталы тілшісіне берген түсініктемесінде басқарма өкілдері.

    Жағдайға қатысты Астана полиция департаменті өкілдері де пікір білдірді.

    "Кінәлі тарап қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады", - деді полициядағылар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.