jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Атырау облысында келіні енесін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді

    Қолына кісен салынған әйел
    Күдікті әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Атырау облысында жантүршігерлік қылмыс болды. Келіні енесін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Оқиға Қызылқоға ауданында болған. 82 жастағы кейуана жасақтау бөлімінде жан тапсырды. Ал оны пышақтаған деген күдікке ілінген келін 39 жаста, көпбалалы екен. Бұл күні, яғни қылмыс сәтінде күйеуі де үй маңында болыпты.

    Ауыл тұрғындары келіншектің ақыл-есі сау екенін әрі бұл отбасынан бұрын-соңды ұрыс-керіс байқамағаын айтады. Әйел қамауға алынды.

    "1942 жылғы кейуананың өліміне қатысты қылмыстық іс тіреліп, кешенді тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмысқа күдікті ретінде 86 жылғы әйел қамауға алынды", - дейді Атырау облысы ПД ресми өкілі Мейірім Ердәулет.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    Атырау облысында келіні енесін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.