jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ақтөбе облысында танымал дәрігер өлі табылды

    Дәрігер маска ұстап тұр
    Дәрігер. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Ақтөбе облысында өткен аптада нефролог дәрігер Абай Айсағалиев жоғалып кеткен еді. Кеше дәрігер кісі қолынан қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы "Диапазон" газеті жазды. Басылымның жазуынша, өңірге танымал дәрігер Абай Айсағалиев 23 мамыр күні жоғалып кеткен. Жұма күні оны іздеуге еріктілер да қосылған, ал сенбі күні ол кісі қолынан көз жұмғаны анықталды.

    Полиция өкілдері журналистерге пікір білдіріп, күдікті ұсталғанын хабарлады.

    "Адам жоғалғаны туралы ақпарат бізге 29 мамырда түсті. Полиция 1956 жылғы ер адамды өлтірді деген күдікпен Ақтөбенің 31 жастағы тұрғынын ұстады. Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп мәлім етті құқық қорғау органдары.

    Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Өзге ақпарат қылмыстық істі тергеу аясында жарияланбайды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.