jitsu gif
Оқыс оқиға

    Астана әуежайында орынсыз қалжыңдаған шетел азаматы 15 тәулікке қамалды

    Әуежайдағы полиция қызметкері
    Әуежайдағы полиция қызметкері. Фото: instagram.com/koliktegi_pd

    Астанада Түркия азаматы жалған ақпарат бергені үшін ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Көліктегі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның Instagram желісінде жариялаған мәліметіне сүйенсек, Астана әуежайында 47 жастағы Түркия азаматы қалжыңдап, өзімен бірге тыйым салынған заттар бар екенін айтқан.

    "Ақпарат расталмағанымен, бұл тіркеу процесін тоқтатып, жолаушыларды алаңдатты. Ер адам 15 тәулікке қамалды", - делінген хабарламада.

    Полицейлер жолаушыларға қауіпсіздікке қатысты әзіл – жауапкершілікке әкелетін әрекет екенін ескертеді.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Астана әуежайында Астана-Өскемен рейсінің 47 жастағы жолаушысы ұсталғанын хабарлағанбыз. Ол алкогольге мас күйде бортсеріктің ішінен ұрып, ұшақ бортынан шығарда "бомба" деп айқайлаған еді.

    Сондай-ақ Алматы әуежайында қолына пышақ ұстаған ер адам әуе айлағының қызметкерін пышақпен қорқытып, елді дүрліктірген болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.