jitsu gif
Оқыс оқиға

    Маңғыстау тұрғыны мүлкін сатып, түскен табысынан 218 млн теңге салық төлемеген

    Бума ақша
    Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Маңғыстау облысында прокуратура мүлікті сатудан түскен табыстан 218 млн теңге көлемінде салық төлеуден жалтарған адамды анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Маңғыстау облысының прокуратурасы салық заңнамасының сақталуына талдау жүргізді.

    Ведомство ақпаратына сәйкес, мүліктік табыстан 218 млн теңге көлемінде салық төлеуден жалтару фактісі анықталған

    "Салық кодекстің 330-бабына сәйкес, жеке тұлғаның салық салынатын мүліктік кірісіне Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс жатады.

    Алайда заң талаптары мен салық органы жолдаған хабарламаларға қарамастан, салық төлеуші салықтық тексеру нәтижесінде есептелген соманы төлеу жөніндегі міндеттемесін орындамаған", - дейді құзырлы орган өкілдері.

    Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 244-бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.