jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Абай облысында 350 адамды алдап, 790 млн теңге жинады деген күдікті топ құрықталды

    Күдіктіні қамау сәті
    Күдіктіні қамау сәті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қаржылық мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті "Rakhat0425" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

    Қаржылық мониторинг агенттігінің Telegam-дағы арнасының хабарлауынша, ұйымдастырушылар азаматтардан қаражат тартып, мемлекеттік сатып алуға қатысты жалған инвестициялық жобадан 30 пайыз дивиденд уәде еткен.

    "Нәтижесінде 350 адамнан 790 млн теңгеден астам қаражат жиналған. Сонымен қатар күдіктілер азаматтарды пәтерлерін төмен бағамен беруге көндіріп, кейін оларды үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген.

    Бұл мүлік "инвестициялық жарна" ретінде бағаланған", - дейді агенттік өкілдері.

    Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынып, үшіншісіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

    Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес, агенттік өкілдері өзге ақпаратты жария етпей отыр.

    Агенттіктегілер қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін "Baiqa, piramida!" Telegram-боты жұмыс істейтінін еске салады.

    Құзырлы орган өкілдері қаржы пирамидасының әрекетіне тап болған қазақстандықтарға тұрғылықты жер бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгінуді сұрайды.

    Абай облысында 350 адамды алдап, 790 млн теңге жинады деген күдікті топ құрықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.