jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Келіні көзі көрмейтін енесінің атынан бірнеше несие рәсімдеп, төркініне кетіп қалған

    Екі әйел телефон қарап отыр
    Екі әйел телефон қарап отыр. Көрнекі фото: Рexels.com

    Жамбыл облысында көзі көрмейтін мүгедек әйел алаяқтық құрбаны болды. Оны тақырға отырғызған өз келіні болып шықты, деп хабарлайды Жамбыл соттарының Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Мойынқұм аудандық соты мәліметінше, әйел адамға қатысты алаяқтық фактісі бойынша жаза тағайындалды.

    Сот 2025 жылдың наурызында келіні енесінің екі көзі көрмейтін мүгедек екенін біле тұра, "ЭЦҚ ашып беремін" деген сылтаумен ұялы телефонын иеленіп, оның атынан бірнеше несие рәсімдегенін, одан соң өзі Алматы қаласына кетіп қалғанын анықтады.

    Осылайша, келіні жақын адамына 514 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

    Сотталушы кінәсін толық мойындап, іс бойынша дәлелдемелерді дауламады және қазіргі уақытта жәбірленушімен татуласқанын көрсете отырып, соттан жазаны жеңілдетуді сұрады.

    "Сот үкімімен ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі бойынша әйел адам кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді", - делінген хабарламада.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.