jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Жамбыл облысында балаларды медициналық тексеруден өткізуде құқықбұзушылық анықталды

    Медицина қызметкері
    Медицина қызметкері. Көрнекі фото: pixabay.com

    Жамбыл облысында кәмелетке толмағандарды медициналық тексеруден өткізу кезінде заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Жуалы ауданының прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы заңдылықтың жай-күйіне жүргізген талдау барысында медициналық мекемелердің балаларға профилактикалық медициналық тексерулер ұйымдастырмағанын анықтады.

    "Биыл Жуалы ауданының 7 білім беру ұйымында 930 кәмелетке толмаған бала арнайы медициналық тексеруден өтпеген, бұл олардың кепілдендірілген медициналық көмек алу құқығын бұзу болып саналады.

    Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде балалар тексеруден өте бастады, ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

    Прокуратура балалардың құқығын қорғау бойынша жұмысын жалғастыратынын жеткізді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.