jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    "Халықтан жиналған қаражатты иемденген": Алматы облысында қоғамдық бірлестік жетекшісі ұсталды

    қолы кісендеулі әйел
    Қолы кісендеулі әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматы облысында қоғамдық бірлестіктердің бірінің жетекшісі алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

    Тергеу мәліметінше, күдікті шетелде сотталған Қазақстан азаматтарын босатуға көмек көрсету мақсатында халықтан жиналған қаражатты иемденіп алған.

    Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

    Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жария етілмейді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.