jitsu gif branding logo appbranding logo app

    СҚО-да такси жүргізушілері көліктеріне қара лента тағып жүр

    Такси
    Такси. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Петропавлда такси жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал туындап, салдарынан жүргізуші бірер күннен кейін алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Kazinform.

    Жергілікті такси жүргізушілерінің айтуынша, 60 жастағы көлік жүргізушісі Петропавлдағы Ойқала шағын ауданынан бірнеше адамды мінгізген. Кейін жолаушылардың бірі салонда темекі шекпек болған. Таксист шылым тартуға болмайтынын ескерткен. Арты жанжалға ұласқан. Соққыдан көлік жүргізушісі асфальтқа басымен құлап, бірнеше күннен кейін ауруханада қайтыс болды.

    Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер 60 жастағы такси жүргізушісіне ауыр дене жарақатын келтірді деген күдікпен бір азаматты ұстады.

    Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша барлық қажетті тергеу амалы жүргізіліп жатыр. Тергеушілер қылмыстың барлық мән-жайын, себеп салдарын жан-жақты зерттеп жатыр.

    Ал әріптесінің қайтыс болуына байланысты өңірдің такси жүргізушілері 14 маусымнан бастап аза тұтып жатыр. Олар көліктеріне қара лентаны біп апта бойы тағып жүрмек.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.