jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Cемейде мектеп оқушысын соққыға жыққан қыздардың аналары ата-ана құқығынан айырылды

    сот үкімі
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Семейде оқушыны аяусыз соққыға жыққан қыздардың аналары ата-ана құқығынан айырылғаны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Абай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Бұған қатысты үш істі Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

    Кәмелетке толмаған баланы соққыға жыққан қыздардың ата-аналарының арасынан үшеуі комиссия шешіміне шағым түсірген. Қалған ата-аналарға қатысты сот отырыстары өткізілген.

    "Сот шешімімен кәмелетке толмаған қыздың анасын ата-ана құқығынан айыру туралы талап арыз қанағаттандырылды.

    Басқа бір кәмелетке толмағанның анасын ата-ана құқығынан айыру туралы талап ішінара қанағаттандырылды. Ал әкесіне қатысты — оны ата-ана құқығынан айырудан бас тарта отырып, тәрбиелеуге ұзақ уақыт бойы қатыспауы және алкогольді зиянды түрде тұтынуы ескеріліп, ата-ана құқығы шектелді", - делінген сот хабарламасында.

    Аталған шешімдердің негізінде спирттік ішімдіктерге әуестік, әкімшілік жауапкершілікке бірнеше рет тартылу, наркологиялық және полиция есебінде тұру, баланы тәрбиелеуге қатыспау секілді жағдайлар қарастырылған.

    Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ата-аналарынан алимент пен мемлекеттік баж өндіріп алынды. Қыз балалар қамқоршылық және қорғаншылық органдарының қарауында.

    Үшінші іс бойынша талапкер өкілі мен жауапкер тарап – кәмелетке толмаған баланың ата-анасының экстерриториялық соттылықты қолдану туралы өтініштері негізінде істі басқа облысқа жолдау туралы шешім қабылданды.

    Сот қабылдаған шешімдер кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, олардың өмір сүруіне, тәрбиеленуіне және дамуына қауіпсіз әрі қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

    Естеріңізге сала кетейік, 24 ақпанда желіде Семейде жасөспірімдер өзінің қатарласын аяусыз соққыға жыққаны туралы видео тараған еді. Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, оқиғаның барлық қатысушысы дереу анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілгенін мәлім етті.

    Бұл оқиғадан соң мектеп директоры жұмыстан шығарылды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.