jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Жамбылдық блогер көшеде жарнама түсіремін деп 10 тәулікке қамауға алынды

    блогер
    Жарнама түсірген сәтінен кадр: Ішкі істер министрлігінің ресми сайты

    Жамбылда қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған блогер жауапқа тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомство мәліметінше, супермаркеттердің бірінің жарнамасын түсіру кезінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған блогер жауапкершілікке тартылды.

    "Болашақ көрермендердің назарын аударуға тырысқан ол қойылым ретінде автокөліктің алдыңғы әйнегін сындырған және жолаушымен дөрекі сөйлесіп, өтіп бара жатқан адамдарды шошытқан", - делінген министрліктің хабарламасында.

    Полиция блогерді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартты. Супермаркет жарнамасын агрессивті түрде түсірді деген блогер 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

    Полиция қызметкерлері азаматтарды көшеде және қоғамдық орындарда заңды бұзбай, өзгелердің өміріне қауіп төндірмеуге, жолда тәртіпті қатаң сақтауға шақырады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.