jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Назарбаев Университетінде студент қыз көз жұмды: қылмыстық іс қозғалды

    полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Фото: polisia.kz

    Елордадағы Назарбаев университетінде болған студент қыздың өлімін полиция тексеріп жатыр. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Kazinform.

    "24 жастағы қыздың мәйіті табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тексеру басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", — дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

    Назарбаев Университетінде студент қыздың қаза тапқанына байланысты университет әкімшілігі ресми мәлімдеме жасады.

    "Назарбаев Университеті жатақханаларының бірінде болған қайғылы оқиғаға байланысты марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Университет ұжымы отбасына моральдық және материалдық қолдау көрсетіп жатыр", — делінген оқу орнының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

    Университет мәліметінше, қазіргі уақытта оқиға бойынша құзырлы органдар тергеу жүргізіп жатыр. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен психологтер тартылған.

    "Барлық қажетті шара қолға алынды. Университет әкімшілігі жағдайды ерекше бақылауға алды", — делінген хабарламада.

    Сондай-ақ университет пен марқұмның туыстары жалған немесе расталмаған ақпарат таратпауға шақырды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.