jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    850 мың оқырманы бар қазақстандық блогерлер қылмыстық жолмен 162 млн теңге тапты деген күдікке ілінді

    ақша және калькулятор
    Ақша және калькулятор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ақтауда Instagram, TikTok және Telegram желілерінде 850 мыңнан астам оқырманы бар ерлі-зайыпты заңсыз онлайн-лотереялар ұйымдастырып, 162 млн теңгені қылмыстық жолмен тапты деген күдікке ілінді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

    Іс бойынша ақтаулық ерлі-зайыпты блогерлер лотерея операторы ретінде тіркелмей, автокөлік, пәтер және басқа да бағалы жүлделер ойнатқан. Қатысушылар құны 500-ден 50 000 теңгені құрайтын билет (цифрлық нөмір) сатып алып отырған.

    Тергеу мәліметтеріне сәйкес, бұл лотереяларға 1 800-ден астам азамат қатысқан.

    "Заңсыз қызмет нәтижесінде қылмыстық табыс сомасы 162 млн теңгеден асқаны анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілердің мүлкі мен банк шоттарына тыйым салынды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

    ҚМА өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін айтты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.