jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Астанада полиция қызметкерлері Түркиядан келген туристің қонақ үйде жоғалтып алған әшекейлерін тауып берді

    қонақ үй
    Қонақ үй. Көрнекі фото: pixabay.com

    Астанада қонақ үй қызметкері шетелдік туристің алтын бұйымдарын үйіне алып кеткен. Полиция қызметкерлері ұрланған заттарды тауып, иесіне қайтарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық-медиа порталына сілтеме жасап.

    Түркиядан келген қонақ Астанадағы қонақ үйлердің біріне тоқтаған. Еліне оралғаннан кейін ол нөмірінде ұмыт қалдырған алтын әшекейлерінің жоғалғанын анықтаған. Әйел дереу құқық қорғау органдарына жүгінген.

    "Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 8 жұп сырға, 8 сақина және екі алтын алқадан тұратын зергерлік бұйымдарды қонақ үй қызметкері иемденіп кеткені белгілі болды. Полицейлердің жедел әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде ұрланған мүлік табылып, иесіне қайтарылды" - делінген хабарламада.

    Түркия азаматы полицейлерге шынайы ізгі тілегін айтты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.