jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    31 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінген бұрынғы банк қызметкері Ресейден экстрадицияланды

    күдікті
    Видеодан кадр: Бас прокуратураның Telegam-дағы арнасы

    Қазақстанның Бас прокуратурасы сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлады деген күдікке ілінген бұрынғы банк қызметкерін қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

    Тергеу нұсқасы бойынша ол 2015-2017 жылдар аралығында Астанадағы банктердің бірінде филиалдың жетекші менеджері болған кезінде сомасы 31 млн теңгеден астам қаражатты иемденіп, талан-таражға салған.  

    "Кейін күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланды.

    Былтыр маусым айында іздеуде жүрген адам Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында ұсталды және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды", - делінген хабарламада.

    Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.

    Айта кетейік, аталған қылмысты жасағандарға мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.