jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Атырауда 30 мың теңгесін қайтаруды сұраған адам соққыға жығылып, жансақтау бөліміне түсті

    Жұдырық
    Жұдырық. Көрнекі фото: piqsels.com

    Атырауда жергілікті тұрғын үйінің алдында соққыға жығылып, жансақтау бөліміне түсті. Жұбайының айтуынша, оған бұрынғы әріптесі 30 мың теңге берешек болғаны үшін шабуыл жасаған, деп хабарлайды Ақжайық.

    Әйелінің сөзінше, күйеуі оны үйінің алдынан көріп қалып, қарызын қайтаруды сұраған.

    "Ал ол оған жұдырық ала жүгірді", - дейді әйел.

    Басылымның хабарлауынша, соққыдан зардап шеккен ер адам өңешінен ауыр жарақаттанып, медиастинит басталған. Қазір ол реанимацияда, тыныс алу аппаратына қосылған.

    Әйелінің айтуынша, бұл оқиға балалардың көз алдында болған. Қызында ұстама басталып, ұлы қатты қорқып қалған.

    Басылымның полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлауынша, 18 маусымда қылмыстық іс тіркелген. Күдікті — 1985 жылы туған ер адам ұсталып, қамауға алынған. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қорытындысы бойынша нақты шешім қабылданады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.