jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Семейде автобус жүріп бара жатқан кезде жүргізушіні ұрды деген күдікпен жолаушылардың бірі ұсталды

    күдікті
    Күдікті. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

    Семейде жүріп келе жатқан автобустың жүргізушісін ұрды деген 45 жастағы жолаушы ұсталды. Бұл туралы ІІМ-нің Telegram-дағы Polisia.kz арнасы мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға орнында болған куәгерлер күдіктіні видеоға түсіріп алған. Бейнежазбаны Telegram желісінде abainewskz арнасы жариялады.

    Автордың жазбасына сүйенсек, 25 маусымда сағат 13:00 шамасында Семей қаласындағы №2 автобуста болған.

    "Куәгерлердің айтуынша, жолаушылардың бірі жүргізушімен жанжалға түсіп, автобус қозғалыста болған кезде оның бетінен ұрған", - делінген видео сипаттамасында.

    Кейін Ішкі істер министрлігі өкілдері қоғамдық көлікте бұзақылық жасаған азаматты полиция қызметкерлері ұстағанын хабарлады.

    "Қоғамдық көлік жүргізушісіне қозғалыс кезінде қол көтерген 45 жастағы азамат анықталып, учаскелік полиция пунктіне жеткізілді.

    Бұзақыны жеткізу сәті бейнежазбаға түсірілген. Ол агрессивті мінез-құлық танытып, жолаушылардың өміріне қауіп төндірген. Аталған факт бойынша іс қозғалды. Материалдар сотқа жолданады", - делінген жазбада.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.