jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Өскеменде жанар-жағармай бекетінде көлік өртенді: жүргізуші жауапқа тартылды

    Көлігі өртке оранған азамат
    Көлігі өртке оранған азамат. Фото: instagram.com/112shygysqaz_tjd

    Өскемендегі жанар-жағармай құю бекетінде оқыс оқиға орын алды. От тұтатқыштың кесірінен бензин құйдыртып жатқан көліктердің бірі өртенді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы Өскемен қаласының ТЖ басқармасы хабарлады.

    "Өскемен қаласында жергілікті жанар-жағармай құю бекетіне келуші көлігіне бензин құйдырту кезінде от ұшқынының пайда болуына жол берген. Бұл өрттің туындауына және адамдардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Аталған азамат өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны немесе орындамағаны үшін жауапкершілікті көздейтін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ҚР ӘҚБтК) 410-бабы бойынша жауапқа тартылды", - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.