Қостанайдағы перинаталдық орталықта сәби шетінеді: қылмыстық іс қозғалды
Опубликовано:

Полиция өкілдері пациенттің қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп жазады Kazinform.kz.
Осы оқиғаға байланысты Қостанай облыстық полиция департаменті пікір білдірген. Ведомство алдын ала дерекке сәйкес медициналық қызметкердің өз кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан абайсызда адамның қайтыс болуына байланысты іс қозғалғанын түсіндірді.
Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, 2025 жылғы наурыз айында Қостанайдағы перинаталдық орталықта сәби анасының құрсағында шетінеп кеткен еді. Оның анасы оқиға салдарынан репродуктивтік мүшесінен айырылған.
Туыстары бұл жағдайға медицина қызметкерлерінің салғырттығы себеп болды деп есептейді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2260446-qostanaidagy-perinataldyq-ortalyqta-sabi-shetinedi-qylmystyq-is-qozgaldy/