jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Интерполдың сұрауы бойынша Қазақстан азаматы Грузияда ұсталды

    қолы кісендеулі ер адам
    Қолы кісендеулі ер адам. Иллюстрациялық фото: Victor Yang/Getty Images

    Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген адам Грузияда ұсталды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузияда ұсталған.

    "2022 жылы күдікті танысын алдап, шамамен 13 миллион теңгеге автонесие рәсімдеуге көндірген.

    Қаражатты алғаннан кейін ол автокөлік сатып алып, өз міндеттемелерін орындамай, жасырынған", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, бұған дейін Бас прокуратура, Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерімен бірлесіп, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен Қазақстан азаматын Польшадан экстрадициялаған еді.

    Сондай-ақ Бас прокуратура 88 адамның ақшасын алаяқтық жолмен иемденді деген күдікпен тағы бір қазақстандықты Грузиядан экстрадициялаған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.