jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам 23 жылға сотталды

    Кісен
    Кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам 23 жылға сотталды. Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейтін болады. Одан бөлек зардап шегуші тарапқа 8 млн теңге көлемінде материалдық шығын өтеуге міндеттелді, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

    Өгей әке 15 жастағы қызын жылдар бойы зорлап келіпті. Тіпті 1-сыныптан бастап зорлық көрсеткен. Бірақ бала әкесінен қорыққанынан ешкімге ештеңе айтапты. Алайда қорлыққа шыдай алмаған қыз бар сырын сынып жетекшісіне жайып салған. Тіпті бұл жайында анасына да айтпаған. Осыдан кейін ұстазы дабыл қағып, құзырлы органдарға хабар берген болатын.

    "Қылмыстардың жиынтығы бойынша сот Ж.-ға 23 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ Ж.-ға педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу түріндегі міндетті қосымша жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.

    Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысында ер адам әпкелі-сіңлілі төрт өгей қызын зорлағаны үшін сотталғанын жазған болатынбыз.

    Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам 23 жылға сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.