jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    12 жыл бұрын Теміртауда қылмыс жасады деген күдікті Дубайдан қайтарылды

    ұсталған күдікті
    Ұсталған күдікті. Видеодан кадр: t.me/GenPr

    Бұзақылық ниетпен жәбірленушінің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірді деген күдікті БАӘ-ден қайтарылды. Бұл туралы Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Құзырлы органның мәліметінше, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінің көмегімен күдіктіні Дубай қаласынан экстрадициялаған.

    Ол 2012 жылғы 25 наурызда Теміртау қаласында бұзақылық ниетпен жәбірленушіге себепсіз бірнеше рет дене жарақатын салып, жақ сүйегін екі жерінен сындырды деген күдікке ілінген.

    Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кетіп, 12 жылдан кейін Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында екені анықталған.

    Қазіргі уақытта күдікті қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстан полициясына тапсырылған.

    12 жыл бұрын Теміртауда қылмыс жасады деген күдікті Дубайдан қайтарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.