jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматы тұрғыны сүйіктісінің өгей әкесін пышақтап өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

    Қолында пышағы бар ер адам
    Пышақ ұстаған ер адам. Көрнекі фото: natasaadzic/Getty Images

    Алматыда ер адам пышақ жарақатынан қаза тапты. Қылмыс жасөспірімдердің көзінше жасалған, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

    Алдын ала ақпарат бойынша жігіт сүйіктісінің өгей әкесімен жанжалдасып қалғаннан кейін оны пышақтап өлтірген. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

    "Бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті "ізін суытпай" ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында қылмыстың тұрмыстық себеппен, ер адамдар арасындағы ауызша жанжал кезінде жасалғаны анықталды", - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

    Алматы тұрғыны сүйіктісінің өгей әкесін пышақтап өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.