jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Ақмола облысында ұлын күрекпен ұрып, саусағын сындырған әйел сотталды

    Күрек
    Көрнекі фото: Pixabay.com

    Ақкөл ауданында 14 жастағы ұлына орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтірген әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

    Ақмола облыстық сотының мәліметінше, оқиға 2024 жылдың қыркүйегінде болған. Анасы баласына рұқсатсыз музыкалық колонканы алып кеткені үшін ұрысып, содан жанжал шыққан.

    Ашуға булыққан әйел үйдің ауласында тұрған күректі алып, ұлын қорқытпақ болып, оны баласына қарай сермеп қалған. Бала өзін қорғау үшін қолын көтергенде күрек саусақтарына тиіп, жарақат алған. 

    Сараптама оның саусағының буын сүйегі жабық түрде сынып, аздап ығысқанын анықтады.

    Сотта әйел кінәсін толық мойындап, баласына әдейі зиян келтіргісі келмегенін, тек қорқытқысы келгенін айтты. 

    Айтуынша, жанжалдасу кезінде ұлы оған бейәдеп сөздер айтқан.

    "ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігі 3 және 8-тармақтары бойынша (кәмелетке толмағанға орташа ауырлықтағы дене жарақатын қасақана келтіру) әйел кінәлі деп танылды", - деп жазылған хабарламада.

    Сот айыпталушының шын өкініп отырғанын және бұрын сотты болмағанын ескеріп, 1 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    Ақмола облысында ұлын күрекпен ұрып, саусағын сындырған әйел сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.