jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Рудный қаласында 51 жастағы әйел кәмелетке толмаған қызды пышақпен жарақаттаған

    Жасөспірім қыз
    Жасөспірім қыз. Фото: pixabay.com

    Қостанай облысының Рудный қаласында кәмелетке толмаған қызға шабуыл жасалды. 2010 жылы туған оқушы ішінен пышақ жарақатын алып, дереу ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

    Алдын ала мәліметке сәйкес, жасөспірім анасы және өгей әкесімен бірге ішімдікке салынған әжесін іздеуге шыққан. Қарияны тапқан кезде онымен бөтелкелес болған 51 жастағы тұрғынмен арада жанжал туындапты. Кикілжің далада жалғасып, әлгі әйел мектеп оқушысына пышақ сұғып алған.

    Құрсақ қуысынан ауыр жарақат алған қызға шұғыл ота жасалып, қазір ол облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап, бақылауға алған. Ал күдікті қолға түсіп, тергеу амалдары жүріп жатыр.

    "Жедел іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз әрекет жасады деген күдікпен 51 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр",-деді полиция департаменті Ақпараттық саясат бөлімінің бас маманы Бауыржан Қасымхан.

    Рудный қаласында 51 жастағы әйел кәмелетке толмаған қызды пышақпен жарақаттаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.