jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Құлсарыдағы жанармай бекетінде болған жарылыс: екі айдан кейін директоры үйқамаққа алынды

    Жанармай бекетіндегі жарылыс
    Жанармай бекетіндегі жарылыс. Кадр видеодан: instagram.com/ze_kulsary

    Құлсары қаласында екі ай бұрын болған жанар-жағармай бекетіндегі қайғылы оқиғадан кейін, 20 шілдеде сол бекеттің директоры қамауға алынды, деп хабарлайды Ақжайық.

    Басылымның хабарлауынша, тергеу соты оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

    Облыстық прокуратураның мәліметінше, бұл қылмыстық іс прокуратураның бақылауында.

    "Жанар-жағармай бекетінің директоры күдікті деп танылып, үйқамаққа алынды", - делінген хабарламада.

    Еске сала кетейік, 30 мамырда Құлсарыдағы жанар-жағармай бекеттерінің бірінде жарылыс болды. Оқыс оқиға кезінде ерлі-зайыпты жұп қаза тапты. Тағы 14 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.

    Қайғылы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.

    Құлсарыдағы жанармай бекетінде болған жарылыс: екі айдан кейін директоры үйқамаққа алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.