jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Бұрыш баллонын қолданған": Алматыда бірнеше рет көшедегі адамдарды тонады деген күдіктілер ұсталды

    көше
    Тонау әрекеті. Видеодан кадр: youtube.com/@AlmatyPolisiasy

    Алматыда бірнеше тонау қылмысына қатысы болуы мүмкін күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

    Алматы қаласы аумағында бірнеше тонау қылмысын жасады деген күдіктілер криминалдық полиция басқармасының үйлестірілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұсталды.

    Басылым мәліметінше, олар негізінен түнгі уақытта шығып жүрген және күш қолданған, бұрыш баллондарын пайдаланған. Олар телефондар, қол сағаттары мен қолма-қол ақшаны жымқырған деген күдікке ілініп отыр.

    Алдын ала мәліметтерге сәйкес, олардың кемінде үш қылмысқа қатысы бар, бұл деректер қаланың әртүрлі аудандарында тіркелген.

    "Жәбірленушілердің арыздарына жедел әрекет еттік. Аудандық бөлімшелермен бірлескен кәсіби жұмыс нәтижесінде қылмыстық топтың күдікті мүшелерін қысқа мерзім ішінде анықтап, ұстадық. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников.

    Әр дерек бойынша қылмыстық істер қозғалды. Ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленіп, заттай дәлелдеме ретінде іске тіркелді. Қазіргі таңда полицейлер күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтап, тиісті тергеу және жедел іс-шараларын жүргізіп жатыр.

    "Бұрыш баллонын қолданған": Алматыда бірнеше рет көшедегі адамдарды тонады деген күдіктілер ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.