jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Өзбекстанда дәрігер қателесіп науқастың сау аяғын кесіп тастаған

    Қағаз толтырып жатқан дәрігер
    Медицина қызметкері. Көрнекі фото: pexels.com

    Өзбестандағы Ферғана облысында дәрігер қателесіп науқастың екі аяғын кесіп тастағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жерігілікті басылымға сілтеме жасап.

    Белгілі болғандай, Адинахон Исомитдинова есімді науқас 2024 жылғы 18 қазанда ауруханаға түскен. Оған екінші типтегі қант диабеті деген диагноз қойылған.

    Хирург дәрігер әйелдің сол аяғының орнына сау оң аяғын кесіп тастаған. Кейіннен сол аяғын да ампутациялаған. Екі бірдей ауыр отаға шыдамаған әйел 2024 жылғы 7 қарашада көз жұмды.

    Сот дәрігерді кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады және қайтыс болған әйелдің заңды өкіліне 27 млн 806 мың сум көлемінде материалдық, тағы 80 млн сум моральдық шығын өтеуге міндеттеді.

    Кейін қылмыстық іс апелляциялық тәртіппен қаралды. Дәрігер өзінің әрекетінде қылмыстың құрамы жоқ екенін алға тартқан.

    Апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды.

    Өзбекстанда дәрігер қателесіп науқастың сау аяғын кесіп тастаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.