jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Маңғыстауда жасөспірімдер арасындағы төбелес видеоға түсіп қалды

    жасөспірімдер
    Жасөспірімдер. Видеодан кадр: t.me/ladakz

    Маңғыстаулық жасөспірімдер арасындағы жанжал кезінде түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан таяқпен қаруланған жастардың ашық алаңда топ болып, бір-біріне қол көтеріп жатқанын көруге болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

    Басылымның хабарлауынша, куәгерлер оқ атылғандай дыбыс естіген, алайда ол қолдан жасалған пиротехникадан шыққан дыбыс та болуы мүмкін. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырған: желі қолданушылары жасөспірімдер арасында агрессия күшейгеніне және ересектер тарабынан бақылау жоқтығына алаңдаушылық білдірген.

    Полицейлердің мәліметінше, төбелес 22 шілдеде болған. Полицейлер оқиғаға шұғыл араласқан.

    "Жанжалға қатысушылардың барлығы анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексстің 127-бабы (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) және 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Материалдар тиісті шешім шығарылуы үшін сотқа жолданды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

    Сондай-ақ төбелеске кәмелетке толмаған барлық қатысушылар профилактикалық есепке алынған. Полицейлер жағдайдың бақылауда екеніне тоқталып, жастар арасында көшедегі төбелес көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Тәртіп сақшылары ата-аналарға балаларының мінез-құлқына бақылауды күшейту қажеттігін, сондай-ақ олардың әрекеттері үшін заңды жауапкершілік барын ескертеді.

    Маңғыстауда жасөспірімдер арасындағы төбелес видеоға түсіп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.