jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жетісу облысында мейірбике сотта жұмыстан заңсыз шығарып жіберген аурухана басшылығын жеңіп шықты

    мейірбике
    Мейірбике. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Текелі қаласында бас мейірбике өзін уақытша еңбекке жарамсыз болған кезінде жұмыстан шығарған аурухананы сотта жеңіп шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жетісу соттарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Жетісу облысының Текелі қалалық сотында Ж. есімді азаматшаның Текелі қалалық ауруханасына қатысты жұмыстан босату туралы бұйрықтардың күшін жою, бұрынғы жұмысына қайта орналастыру және жалақыны өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

    Сотта талап қоюшы 2006 жылдан бастап аталған ауруханада жұмыс істегені, 2017 жылдан бері бас мейірбике лауазымын атқарғаны анықталды. 2025 жылғы 14 сәуірдегі бұйрықпен ол еңбек кодексінің 52-бабының 1-тармағының 4-1) тармақшасы негізінде – аттестаттаудан өтпегені үшін лауазымына сәйкес еместігіне байланысты жұмыстан босатылған.

    Кейіннен жұмыстан шығару негізі өзгертіліп, сол баптың 16) тармақшасы — еңбек тәртібін қайта бұзғаны үшін қолданылған.

    Сот мәліметінше, жұмыстан шығару талап қоюшының уақытша еңбекке жарамсыз кезеңінде жүзеге асырылған, бұл еңбекке жарамсыздық парағымен расталған. Тәртіптік жаза қолдануға негіз болған актілер алдымен қайтарылып, кейін ол өз еркімен жұмыстан шығудан бас тартқаннан соң қайта ұсынылған, қызметкерден түсініктеме алынбаған. Тәртіптік жауапкершілікке тарту мерзімі мен тәртібі бұзылған. Сонымен қатар талап қоюшының қолданыстағы сертификаты оның лауазымына сәйкестігін растайды.

    Сот еңбек инспекциясының уәкілетті органының еңбек заңнамасының бұзылғаны жөніндегі қорытындысын да назарға алған.

    "Сот шешімімен жұмыстан шығару заңсыз деп танылды, азамат 2025 жылғы 14 сәуірден бастап бұрынғы қызметіне қайта орналастырылды, сондай-ақ 2025 жылғы 14 сәуір мен 9 шілде аралығындағы мәжбүрлі жұмыспен тоқтап тұрған кезең үшін 441 270 теңге мөлшерінде жалақы өндірілді", - делінген хабарламада.

    Соттың хабарлауынша, жұмысқа қайта орналастыру және жалақы өндіру бөлігіндегі шешім дереу орындалуға тиіс.

    Шешім заңды күшіне енген жоқ.

    Жетісу облысында мейірбике сотта жұмыстан заңсыз шығарып жіберген аурухана басшылығын жеңіп шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.