jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Тальго" пойызының машинисі қайғылы жағдайдың алдын алды

    пойыз
    Пойыз. Көрнекі фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

    "Тальго" жолаушылар пойызының машинисі қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ҚТЖ-ның мәліметінше, 23 шілдеде сағат 21:41-де Тобыл – Қостанай учаскесінде Астана – Орал қатынасындағы "Тальго" жолаушылар пойызының машинисі жолдағы әйелді байқағаннан кейін шұғыл тежеу қолданған. Алдын ала мәліметтер бойынша ол мас күйде болған.

    Машинистің уақтылы және кәсіби әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеген.

    Әйел зардап шекпеген, ол желілік полиция бөлімі қызметкерлеріне табысталған. Оқиға салдарынан пойыз 12 минутқа кідірген.

    Осы орайда ҚТЖ азаматтарды өте мұқият болуға және теміржолға қатысты ережелерді қатаң сақтауға шақырады.

    Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында теміржолда екі адам қаза болған еді.

    Сондай-ақ Алматыда пойыз төбесіне шыққан жасөспірім электр тогына түсіп қалған болатын.

    "Тальго" пойызының машинисі қайғылы жағдайдың алдын алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.