jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Анасының атына жер телімін жазған": Маңғыстау облысында ауыл әкімі сот алдына келді

    жер
    Жер. Көрнекі фото: pexels.com

    Бейнеу аудандық соты Бейнеу ауылы әкіміне қатысты әкімшілік істі қарады. Бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Lada.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Сот үкіміне сай, Бейнеу ауылының әкімі үй салуға арналған жер телімін анасының атына жер телімін жазу туралы шешім шығарған. Жер телімін Бейнеу ауылында болған.

    Сот ауыл әкімі өз міндеттерін орындау кезінде жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзбау үшін шара қолданбағанын анықтаған. Одан бөлек жақын туысына қатысты шешім қабылдау кезінде тікелей басшысын туындаған мүдделер қақтығысы туралы хабардар етпеген.

    "Бейнеу ауылы әкімінің кінәсі оның түсіндірмесімен, әкімшілік заңбұзушылық туралы хаттамамен, алдын алу бөлімі қызметкерінің рапорты және іс материалдарындағы мәліметтермен дәлелденген", - делінген сот хабарламасында.

    Сот отырысында әкім әкімшілік заңбұзушылық дерегі болғанын мойындап, отбасылық жағдайы туралы айтып, айыппұл көлемін азайтуды сұрады.

    Сот оны Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 680 бабына сай кінәлі деп танып, 393 200 теңге көлемінде айыппұл салды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    "Анасының атына жер телімін жазған": Маңғыстау облысында ауыл әкімі сот алдына келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.