Атырауда газды шамадан тыс пайдаланды деген компаниядан бюджетке 3,6 млрд теңге залал өндірілді
Опубликовано:
Атырауда жер қойнауын заңсыз пайдаланды деген компания жауапқа тартылып, экологиялық залал келтіргені үшін бюджетке 3,6 млрд теңге төледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Атырау облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.
Атырау облысы прокуратурасының мәліметінше, прокурорлар жергілікті компания қызметіндегі экология заңнамасының сақталуын тексеріп, экологиялық рұқсатсыз шикі газды шамадан тыс жағу фактілерін анықтаған.
"Прокуратураның актісімен жер қойнауын пайдаланушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 356-бабы (Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3,6 млрд теңге экологиялық залал бюджетке толық өндірілді", - делінген хабарламада.
Прокуратура өкілдерді компаниялардың жауапты лауазымды тұлғаларын қоршаған ортаны ластауға жол бермеу және экологиялық нормаларды қамтамасыз ету міндеті жүктелген тұлғалардың жауапкершілігін арттыру қажеттігін ескертті.
Сондай-ақ Атырау облысының прокуратурасы өкілдері экологияны қорғау мәселесін ерекше бақылауға алғанын мәлім етті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2268987-atyrauda-gazdy-shamadan-tys-paidalandy-degen-kompaniiadan-biudzhetke-3-6-mlrd-tengge-zalal-ondirildi/